Медициналық жабдық шығаратын цех құрылысын беларусьтер қаржыландырады

1218

Медициналық жабдық шығаратын цех құрылысын беларусьтер қаржыландырады

Ақтөбеде жаңа жобаны іске асыруға Беларусь инвесторлары 200 млн теңге қаржы құймақ, деп хабарлайды 24.kz.

Цехта травматология, нейрохирургияда қолданылатын арнайы құрылғылар жасалады. Сондай-ақ мұнда 30 адам жұмыс істейтін болады.

Облыс ауруханалары сынған сүйектерді бекітуге арналған титан және темір сымдарды сырттан сатып алатын. Енді имплантат-материалдар жергілікті жерде жасалады. Жобаға қаржы құйған компания Беларусь және Ресей елдерінің нарығында 25 жылдан бері жұмыс істейді. Инвесторлар медициналық жабдықтардың төмен бағамен сатылатынын айтады. Ал жаңа құрылғылармен жұмыс істейтін дәрігерлер Беларусь елінде біліктіліктерін шыңдап, арнайы курстарда тәлім алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу