Бақылау комитетінде GPP стандартын енгізу мәселелері талқыланды

417

Бүгінгі таңда республикада 883 дәріхана GPP сертификатын алды. 

Бақылау комитетінде GPP стандартын енгізу мәселелері талқыланды Фото: inbusiness.kz

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық департаменттермен GPP стандартына (тиісті дәріханалық практика стандарты) сәйкес фармацевтикалық инспекциялар кестесін іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Өңірлер бөлінісінде дәріхана ұйымдарының өтінімдеріне сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған GPP стандартына сәйкес фармацевтикалық инспекциялар кестесі қалыптастырылды. Бүгінгі таңда оған 5000-ға жуық дәріхана кіреді. Бұл соңғы сан емес. Оларды кестеге енгізу жұмыстары жалғасуда.

Айта кету керек, Комитет және оның аумақтық департаменттері барлық дәріхана ұйымдары арасында GPP стандартын енгізу мәселелеріне, оның ішінде фармацевтикалық қауымдастықтардың белсенді қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Кәсіпкерлерді қолдау үшін Комитет келесі шараларды қабылдады:

  • GPP стандартын енгізу мерзімі 5 жылға ауыстырылды, ол 2023 жылы ғана енгізілді;
  • GPP стандартының талаптары дәрігер кабинетінің, диагностикалық өлшеу аспаптарының болуы бойынша және т. б. талаптары алып тасталды;
  • GPP сәйкестік сертификатының жарамдылық мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Екі рет расталған кезде сертификат мерзімсіз болып саналады;
  • GPP стандартын енгізген субъектілер профилактикалық бақылау жүргізу кезінде төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылған.

Сондай-ақ, өңірлер бөлінісінде инспекциялар кестесі бойынша GxP стандарттарын енгізуді толық қамту жоспарланған.

Тиісті дәріхана практикасы тұтынушыларға дәрілік препараттарды өткізуге, оның ішінде оларды дәрілік препаратқа рецепт бойынша немесе рецептсіз босатуға, сондай-ақ өткізу мақсатында сақтауға қойылатын талаптарды белгілейтін ережелерді білдіреді. Стандартты енгізу ел халқын сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу