Медициналық жедел жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы өтеді

2746

Жарыс шеңберінде отандық өндірушілердің медициналық техникасының, дәрілік заттарының көрмесі ұйымдастырылады.

 Медициналық жедел жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы өтеді

Астанада 5-7 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық  (17) өңірлері мен литвалық командаларының қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Жарыс барысында қатысушылар анафилактикалық шок, нәрестені реанимациялау, политравма кезінде ситуациялық тапсырмаларды орындайды "Оқиға" орнында манекендер және стандартталған пациенттер пайдаланылады.

Ауқымды шара аясында 5 қыркүйекте Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының конференц-залында шұғыл жағдайлар бойынша "Астана" клиникалық орталығының жетекші мамандарының, Ресей, Израиль, ҚХР, Малайзия және басқа елдер өкілдерінің шеберлік сыныптары өтеді. 

6 қыркүйекте медициналық қызметкерлер "Жерұйық" саябағында жарысқа түсетін болады. 

Ал 7 қыркүйекте төтенше жағдайларға қатысатын жедел медициналық жәрдем бригадаларына санитарлық автокөлік және медициналық жабдықтар табысталып, командалар триаж жүйесінде жұмыс істеу дағдылары мен командалық жұмысты көрсетеді. Өтетін орны: "Жерұйық" саябағы.

Мұнымен қоса, жарыс шеңберінде отандық өндірушілердің медициналық техникасының, дәрілік заттарының көрмесі ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу