Медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жыл сайын 20%-ға өседі

698

Былтыр республикалық бюджет есебінен 4,7 мың білім беру гранты бөлінді, оның ішінде резидентураға – 1,5 мың грант. 

Медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жыл сайын 20%-ға өседі Фото: yandex.kz

Медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы 2025 жылға дейін жыл сайын 20%-ға дейін өсед, деп жазады inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Президент пен "Аманат" партиясының тапсырмасы бойынша шәкіртақы айтарлықтай ұлғайтылды. Мысалы, бакалавриат үшін ол 2 есеге жуық, интерндерде – 25%-ға, резиденттер, магистранттар, докторанттарда 2021 жылы 15%-ға артты.

"2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді, сондай-ақ біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады", - дейді ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Дәулет Алдыңғұров. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023 жылы резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ақпаратқа сәйкес, отандық университеттерді клиникалық базаларымен қамтамасыз ету мақсатында 6 университеттік аурухананың құрылысын жүзеге асыру басталды. 

Дәулет Алдыңғұровтың айтуынша, ведомство 2021 жылдан бастап өңірлердің өтінімдерінің негізінде резидентурада гранттарды бөлуді енгізген. 

"2022 жылғы 8 ақпанда салалық біліктілік шеңбері бекітілді. Осы оқу жылынан бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын даярлаудың 5 жылдық бағдарламасы енгізілді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұдан басқа кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ведомствоның мәліметінше, ҒАРД бюджеттік бағдарламасы аясында 4200 дәрігер, оның ішінде 138-і шетелде, 2650 мейіргер оқытылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу