"Медпункіттің құны – ауылдағы 110 үйді қосқандағы бағамен пара-пар": Ақтөбенің әкімдігі сынға ұшырады

413

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды. 

"Медпункіттің құны – ауылдағы 110 үйді қосқандағы бағамен пара-пар": Ақтөбенің әкімдігі сынға ұшырады Фото: inbusiness.kz

Сын көп айтылған саланың бірі – құрылыс. Антикордың хабарлауынша, облыстың 12 ауылында медициналық пункттер салуға бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалып жатыр. Мысалы, медициналық пункттердің құрылысының бюджеті  жергілікті жылжымайтын мүлік объектілерінің нарықтық құнынан едәуір асып түскен.  

Атап айтқанда, Мәртөк ауданы Байтұрасай ауылындағы медициналық пунктті салу 272 млн млн теңгеге бағаланған. Ол елді мекендегі  110 үйдің  барлығын қосқандағы нарықтық құнынан асып түседі.

Айта кеткен жөн, Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы облыста салынып жатқан 75 нысанның тапсырыс берушісі. Қазіргі уақытта 23 нысанының немесе 30%-ы: сот істерінде, қаржыландырудың болмауы немесе үзілуі, ЖСҚ-ға сәйкес келмеуі және т.б. салдарынан проблемалық нысан санатында. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімдігіне айтылған факттер  бойынша қызметтік тексеру жүргізуді және барлық кінәлі лауазымды адамдарды атқаратын лауазымдарынан босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарауды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу