Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қазақстандықтар 5,4 млрд теңге аударған. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Ең көп салымшылардың қатарында Астана мен Алматы және Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары бар. Ресми мәлімет бойынша қаражат салғандардың 78,5 пайыз үлесін жұмысшылар құрайды. Ал, жеке кәсіпкерлер мен келісімшарт негізінде жұмыс істейтіндер 21,5 пайызды көрсетті. Болжам бойынша 2017 жылы 23 млрд теңге түсуі тиіс. Оның ішінде жұмыс берушілердің шегерімі 95, салым үлесі 5 пайыз болады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу