Медведев Гаагадағы сотты зымыранмен қорқытты

448

Ол сот алқасына аспанға мұқият қарап жүруге кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Медведев Гаагадағы сотты зымыранмен қорқытты Фото: medvedev_telegram

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев тағы да батысқа қатысты дөрекі сөздерімен көзге түсті. Бұл жолы Путинді тұтқындауға ордер берген Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың судьялары сөз болды. Медеведев оларды ресейлік "Оникс" зымыранымен қорқытты.

"ХҚС судьялары өздеріне қатты сенімді секілді. Қараңдар, ең үлкен ядролық державаға қол көтеруден қорықпадық - біз ержүрекпіз дегендей. Өкінішке орай, мырзалар, бәрі Құдай мен зымырандардың астында жүреді. Гаагадағы сот ғимаратына қарай Солтүстік теңізден ресейлік кемеден "Ониксті" ұшыру әбден мүмкін. Өкінішке орай, оны құлатуға шамалары жетпейді. Сот - бұл НАТО елінің халқы емес, бар болғаны  халықаралық ұйым. Сондықтан бізге соғыс ашады деп ойламаймын. Бәз баяғы қорқақтығына басады, ал бірақ істегеніне ешкім өкінбейді", - деп жазды Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев.

Гаагадағы Халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер бергенін еске саламыз.

40 елдің әділет министрлері халықаралық қылмыстық сотты қолдауды талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу