МЭЕҰ басшысы: арзан мұнайдың уақыты аяқталуға таяу

1725

МЭЕҰ басшысы: арзан мұнайдың уақыты аяқталуға таяу

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (МЭЕҰ) бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо арзан мұнайдың заманы аяқталып қалды деген пікірде, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Оның ойынша, осы уақыт аралығында әлемнің мұнай өндіруші мемлекеттерінің барлығы аталмыш отын түріне деген бағаның әсері тек жағымсыз болатындығына көз жеткізіп болды.

"Сондықтан арзан бағаның уақыты аяқталуға таяу. Біз соңғы 60 жылда мұнайға деген бағаның төмендігі жағдайды тек күрделендіріп жібергендігінің куәсі болып отырмыз. Бұл жағдай әлі де жалғасуда. Дегенмен ол соңына таяп қалды",– дейді Баркиндо.

Айта кетейік, 28 қыркүйек күні МЭЕҰ ұйымына мүше мемлекеттер мұнай өндіру көлемін тәулігіне 32,5-33 млн баррель мөлшерінде қалдыру туралы келісімге келді. Соның нәтижесінде Brent маркілі мұнайдың бағасы 46,5 доллардан 48,5 долларға дейін өсті, деп жазады korrespondent.net.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу