МЭЕҰ-ға мүше және мүше емес елдер 10 желтоқсанда Венада бас қосады

1790

МЭЕҰ-ға мүше және мүше емес елдер 10 желтоқсанда Венада бас қосады

МЭЕҰ-ға мүше және ұйымға мүше емес елдердің кездесуі 10 желтоқсанда, Венада өтеді, деп хабарлайды Bloomberg-ке сілтеме жасаған "Интерфакс-Ани".

МЭЕҰ елдері 30 қарашада мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 млн баррельге – жалпы тәулігіне 32,5 млн баррельге дейін қысқарту жөнінде уағдаласты. Болжам бойынша, МЭЕҰ-ға кірмейтін елдер, 600 мың баррельге дейін, оның ішінде Ресей де мұнай өндіруді тәулігіне 300 мың баррелге қысқартатын болды.

Бастапқыда мәлім болғандай, МЭЕҰ-ның ұйымға мүше емес елдермен келісімі 9 желтоқсанда Дохада жасалуы мүмкін делінген. Кейін кездесу 10 желтоқсанда Мәскеуде немесе Венада өтеді деген ақпарат пайда болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу