МЭЕҰ-ға мүше және мүше емес елдердің мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімі күшіне енеді

2586

 МЭЕҰ-ға мүше және мүше емес елдердің мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімі күшіне енеді

2017 жылдың  1 қаңтарынан бастап МЭЕҰ-ға мүше 11 ел мен оған енбейтін елдердің мұнай өндірісін қысқарту келісімі күшіне енеді.
Бұған дейін айтылғандай, МЭЕҰ 30 қарашада өткен отырыста мұнай өндірісін күніне 1,2 миллион баррельге – 32,5 миллион баррельге дейін  қысқарту туралы келіскен болатын.  Кейін, 10 желтоқсанда Венада МЭЕҰ  ұйымға мүше емес мұнай өндірушілермен кездесуі өтті.
МЭЕҰ-ға кірмейтін елдер  өндіруді  тәулігіне 558 мың баррельге  қысқарту жөнінде келісті. Өндірісті қысқарту қаңтардан басталып, жарты жылға дейін жалғасады.

МЭЕҰ кірмейтін елдер арасында  мұнай өндірісін қысқарту жөнінде  11 ел, атап айтқанда: Ресей, Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман,  Экваторлық Гвинея, Судан және Оңтүстік Судан міндеттеме алған.
Күніне 300 мың баррель қысқарту жөніндегі негізгі жүктемені Ресей мойнына алды. Қазақстан  мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге, Әзербайжан – 35 мың баррельге, Мексика – 100 мың баррельге қысқартуға міндеттенді.
Сауд Арабиясы болса қаңтардан бастап  мұнай өндіруді қысқарта бастайды және 30 қарашадағы келісімде көрсетілген көрсеткіш де төмен деңгейге шығуы мүмкін.  Бұл ел күніне 486 мың баррельге  – 10,058 миллион баррельге қысқартуға міндеттенді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу