Mega Сenter акциялары KASE-де листинг шараларынан сүрінбей өтті

856

Mega Сenter акциялары KASE-де листинг шараларынан сүрінбей өтті

Mega Сenter Management АҚ-ның ("Мега Центр Менеджмент", Алматы) қарапайым акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) листинг шараларынан ойдағыдай өтті, деп хабарлайды abctv.kz.

Листингтік комиссия шешімінің қашан күшіне енетіндігі KASE "Листингтік ережелері" ішкі құжатының 2.2 қосымшасы 5 тарау 1 тармағының эмитент шарттары орындалған соң қосымша хабарланбақ.
KASE аталған акциялар сатылымының қашан басталатындығын да кейін хабарлайтын болды. ҚР Ұлттық банкінің 2015 жылғы 15 қазандағы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, Mega Сenter Management АҚ-ның жарияланған акциялары 145 млн 780 мың 600 мың қарапайым акцияларға бөлінген. Оларға KZ1C60130016 ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік реестріне A6013 нөмірімен тіркелді. Аталған акцияларға MEGA деген қысқартылған белгі (саудалық код) берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу