Елордада Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығынан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 қарашада болған.
"Кешкі сағат 21:31-де "102" нөміріне жедел жәрдем бригадасы хабарласты. Олар Mega Silk Way СОО-да 28 жастағы қыздың денесі табылғанын айтты", – деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша "Есіл" аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        