MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы 23 наурызда ашылады

1819

MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы 23 наурызда ашылады

Елордада MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығының ашылуына орай жұмыс кестесі уақытша өзгереді. 22 наурызда орталық сағат 21:00 дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Қазіргі кезде орталық әкімшілігі 23 наурызда сағат 18:00-де өтетін салтанатты ашылуға дайындық үстінде. Шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына артистердің, акробаттардың, каскадерлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады.

Ұлы Жібек жолының сауда "көшелерімен" импровизацияланған театрландырылған шеру өтеді, HASSAK этно-фольклорлық ансамбль өз өнерін ортаға салады. Сонымен қатар қолөнершілер мен суретшілердің шығармашылық алаңы ашылады, MEGA Silk Way орталығына келушілер шеберлік сыныптарына қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу