Мегаполистерде үйді қандай ауданнан алған тиімді?

881

Құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерін жаңа орындарда салып, ірі қалалар кеңеюде.

Мегаполистерде үйді қандай ауданнан алған тиімді?

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мықты экономика мен мемлекет қалыптастырудың негізгі факторы болып саналады. Алайда тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткішінің өсуіне қарамастан, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз көрсеткіші әлі де жоғары деңгейде емес, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың қорытындысы бойынша бір Қазақстан азаматына 23,2 шаршы метрден келген, бұл Еуропа бойынша орташа 40 шаршы метрден айтарлықтай төмен. 

Былтыр елімізде 17,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға артық. Нәтижесінде 41,7 мың жеке үй және 1,7 мың көппәтерлі тұрғын үй эксплуатацияға берілді. Барлық меншік нысанындағы ұйым 151,2 мың пәтер салды.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда елде 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға аз. 

Мегаполистерде құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, Нұр-Сұлтан 2021 жылдың қорытындысы бойынша және биыл да көш бастап тұр.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда елордада 425,1 мың шаршы метр, Алматыда 209,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Елорда мен Алматыда құрылыстың қарқынды салынуы – табиғи процесс. Себебі Қазақстанда урбанизация процесі жүріп жатыр.

Ішкі көші-қон деректері бойынша 2021 жылы қазақстандықтарың басым бөлігі Нұр-Сұлтан (131 мың адам) мен Алматыға (117,2 мың адам) көшкен. Осындай жағдай биыл қаңтар-ақпанда да тіркелді.

Екі мегаполисте тек орталық емес, шеткері аумақтар да белсенді кеңейіп жатыр. Мысалы, Нұр-Сұлтанда барлық ауданда тұрғын үй құрылысы көрсеткіші өскені байқалады.

2022 жылғы екі айдың қорытындысы бойынша Есіл ауданында 271 мың шаршы метр, Алматыда – 149,3 мың шаршы метр, Сарыарқа ауданында – 4,2 мың шаршы метр, Байқоңыр ауданында – 499 шаршы метр пайдалануға берілді. Алматы ауданында айтарлықтай өсім байқалады (бір жылда + 72,6%).

Елордада құрылысты салуда жаңа стандарттар, халықаралық тәжірибелер ескеріледі. Басты мақсат – үйдің халыққа жайлы болуы. Стандарттар төмендегідей:

  • қала аумақтарын кешенді дамыту принциптері;
  • қалалық аумақтарды дамыту стандарты;
  • қалалар келбетін қалыптастыру стандарты;
  • бос аумақтарды игеру стандарты.

Мегаполистің шалғай дамушы аудандарынан үй сатып алу қаржылық тұрғыдан ғана емес, инвестиция тұрғысынан да тиімді. Себебі бұл аудандардың болашақта дамитынын ескеру керек. Жаңа ауданды салу барысында барлық қажет инфрақұрылым қалыптасады: тұрғын үйді абаттандыру (электр, жылу, байланыс, кәріз және тағы басқа), мектептер, балабақшалар және қоғамдық көлік.

Алайда азаматтар үшін мұндай аудандар баспана мәселесін шешуге септігін тигізуі мүмкін. Себебі мұнда тұрғын үй бағасы қолайлы болуы ықтимал.

Homsters.kz дерегінше, биыл наурызда Нұр-Сұлтанда сатып алушылар жаңа салынып жатқан үйлерден көбінесе 16-17 млн теңгенің пәтерін іздеген, ал ақпанда ең жоғары баға сұранысы 14-16 млн теңге аралығында болды.

Елорданың орталығынан мұндай бағада пәтер табу қиын, бірақ жаңадан салынып жатқан аудандарда пәтер тауып, оны сатып алуға мүмкіндік бар. Осылайша, жаңа аудандардың салынуы тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мұндай аудандарда тұрғын үй сатып алу тиімді инвестиция болып саналады. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы барлық ауданда тұрғын үй бағасы өсіп жатыр.

Krisha.kz дерегінше, 2022 жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша елорданың Алматы ауданында тұрғын үй бағасы жыл басынан бері 6,6%-ға, Есіл ауданында – 5,3%-ға, Сарыарқа ауданында – 6,2%-ға, Байқоңыр ауданында – 7,4%-ға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу