Мехрибан Әлиеваның Әзербайжан президенттігіне түсетін ойы жоқ

814

Мехрибан Әлиеваның Әзербайжан президенттігіне түсетін ойы жоқ

Әзербайжан басшысының жұбайы, Әзербайжанның бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева  елдің президенті болуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды "Интерфакс".

"Мен ол туралы ойлаған емеспін, ойламаймын да" – деді "Дмитрий Кисилевтің апта жаңалықтары" бағдарламасының сұрағына жауап берген Әлиева.

Мехрибан Әлиева Әзербайжанның  мүддесін қорғайтынын атап айтты.

"Иә, мен Әзербайжанның мүддесін  қорғайтын боламын.  Иә, мен Әзербайжан халқының мүддесін қорғайтын боламын. Әзербайжан халқына  жасаған игі іс те сол болмақ.  Бүгінге осы. Ал ертеңгі күні не болатынын жұмбақтау  мүлдем тиімсіз нәрсе", – деді ол.

Әзербайжандағы кезекті президент сайлауы 2018 жылы күзде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу