Тиісті құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
Оған сәйкес, “Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері” деген бөлімде “МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН” медалі” “МЕЙІРІМ” медалі болып өзгертіледі.
“Бұл медальмен балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, балалар инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін білім беру саласының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады”, - делінген салыстырмалы кестеде.
Құжатты жария талқылау 16 мамырға дейін жалғасады.