Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов тағы бір қарсыласын мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін 28 позицияға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Өткен демалыста Нұрсұлтанов Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы Эрик Мун болды. Жекпе-жек екінші раундта қазақстандықтың пайдасына шешілді.
Нұрсұлтанов осы жеңісінен кейін өз салмағында әлемдік үздік боксшыларының рейтингінде үздік жүздіктің қатарына қосылды. BoxRec рейтингісінде ол 92-ші орында тұр.
Нұрсұлтанов үшін бұл бесінші жекпе-жек, ол барлығында да жеңіске жетті, ал оның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу