Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО) кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды SPORTINFORM.
Отандасымыз Лос-Анджелесте мексикалық Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) айқасып, алтыншы раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді. Осылайша жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.
Еске салайық, бұдан бұрын бұл кеште Қанат Ислам мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8 18 КО) айқасуы тиіс болған. Алайда, жекпе-жек Қазанаттың жарақат алып, ауруханаға түсіп қалуына байланысты өтпейтін болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу