Бүгін грек-рим күресінен бес салмақ дәрежесінде спортшылар бақтарын сынауда. Қазақстандық палуан Мейіржан Шермаханбет 67 келіде финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Мейіржан іріктеу кезеңінде алдымен қытайлық спортшыны 9:0 есебімен жеңді. Ширекфиналда ирандық Хамед Муса Таб есімді спортшыны тізе бүктірді. Жартылай финалда сириялық Абдулкарим Аль-Хасанды жарыс жолынан ығыстырып, финалға жолдама алды. Енді Мейріжан Азия чемпионатының жеңімпазы атағын Оңтүстік Корея елінің спортшысы Рю Хан Сумен сарапқа салалды.
Тағы үш спортшымыз Азия чемпионатының қола медальдары үшін күреседі. 72 келіде Демеу Жадраев қола медаль үшін өзбекстандық Арам Варданянмен кілемге шықса, 82 келіде Мақсат Ережепов өзбекстандық спортшы Жалгасбай Бердимуратовпен кездеседі. Ал, 97 келіде Әлімхан Сыздықов ирандық Махди Аббас Алиярифейзабадимен жолығады.
60 келіде ел намысын қорғаған Мейрамбек Айнағүлов бірінші кездесуінде кореялық палуанға жеңіліп, Азия чемпионатын сәтсіз аяқтады.