Мейіржан Шермаханбет – грек-рим күресінен Азия чемпионы

836

Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Мейіржан Шермаханбет – грек-рим күресінен Азия чемпионы

Мейіржан Шермахамбет 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді. 

Айта кетерлігі, Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыластарының жауырын жерге тигізді. 

Ал 60 келіде жұбаныш белдесуінде бақ сынаған Ернұр Фидахметов қарсыласынан басым түсіп, ел қоржынына екінші қоланы әкелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу