Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 2 айға қамауға алынды

1178

Сот танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты тағы екі айға қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 2 айға қамауға алынды

Соттың мәліметінше, Төребаев кем дегенде биылғы жылдың 19 маусымына дейін, Шерниязов 20 маусымға дейін қамауда болады.

"Тергеу сотының шешімімен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту туралы санкция берілді", – деді Алматы қалалық соты.

Еске сала кетсек, осыған дейін Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынған болатын. Олар Алматыдағы Mudarabaн Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша күдікті ретінде танылды. Аталған адамдардан басқа бұл іске үшінші вайнер Азизжан Саидбаев қатысты. Ол қашып кеткендіктен екі айға сырттай қамауға алынды.

2021 жылдың көктемінде алматылықтар Төребаев, Шерниязов және Саидбаев жарнамалаған инвестициялық компанияның үстінен шағымданған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу