Сот бір күннен кейін Шерниязовқа қатысты да үкім шығарды. Оны да қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.
"2022 жылғы 18 қарашада сот шешімімен күдіктінің қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір ай, яғни 19 желтоқсанға дейін ұстау мерзімін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды", - делінген Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.
Еске сала кетсек, Мейіржан Төребаев әріптесі Мейірхан Шерниязовпен бірге осы жылдың сәуір айында қамауға алынған. Олар Алматыдағы "Mudarabaн Capital" қаржы пирамидасы ісі бойынша күдікті ретінде танылды. Қос вайнерден басқа бұл іске үшінші адам Әзімжан Саидбаев қатысты. Ол шетелге қашып кеткендіктен екі айға сырттай қамауға алынды.