Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды Фото: inform.kz

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында мәлім етті.

“2022 жылғы 18 қазанда сот шешімімен күдікті Т.-ны қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қаралды. Яғни 18 қарашаға дейін”, – деп жазылған хабарламада. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетсек, 2022 жылдың ақпанында вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деп айыпталды. Олардың екеуі қамауға алынып, бірі шетелге қашып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу