Мейіржан Юсупов Қазатомөнеркәсіпті басқарады

480

Бұған дейін ол "Kazakh invest" компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Мейіржан Юсупов Қазатомөнеркәсіпті басқарады Фото: gov.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК басқарма төрағасын ауыстырады, деп хабарлайды inbusiness.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 2 қазанында Ержан Мұқанов компанияның басқарма төрағасы – директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетеді. Қазатопромның жаңа басшысы болып бұған дейін Kazakh invest басқармасының төрағасы қызметін атқарған Мейіржан Юсупов тағайындалды.

Мейіржан Юсупов – Таяу Шығыс техникалық университетінің экономика және менеджмент мамандығы бойынша, Лондон экономика және саясаттану мектебінің экономикалық дамуды басқару ғылым магистрі дәрежесімен және Гарвард университетінің  мемлекеттік басқару магистрі.

Ол 2010 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры болып келгенге дейін түрлі қызметтерді атқарған. 2015-2020 жылдары Юсупов Қазатомөнеркәсіпте экономика және қаржы жөніндегі бас директор қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу