Үміткер өз сөзінде ел халқын өзгерістер мен реформалар күтіп тұрғанын атап өтті.
"Жаңа президент кім болса да, ол әуелі әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістерден бастауы керек. Себебі уақыт жоқ. Келесі жылы нақты өзгерістер болуы тиіс. Барша қазақстандықты дауыс беруге шақырамын. Мен бүгін реформалар үшін дауыс бердім", - деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.
Атап өту керек, Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" атынан ұсынылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу