Мейрам Қажыкен қостанайлықтармен кездесті

723

Кандидат Қостанай қаласына сапарын ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етуден бастады.

Мейрам Қажыкен қостанайлықтармен кездесті

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Қостанай қаласына келді. Ол облыстық өлкетану мұражайында, А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте болып, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кейін Мейрам Қажыкен облыстық өлкетану мұражайына барып, Тобыл өңірінің құнды жәдігерлерімен танысты.

Сонымен қатар музей қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Артынша кандидат Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттерімен кездесіп, жастарды толғандырған сұрақтарына жауап берді.

"Біздің штаб 12 қазаннан бастап жұмыс істейді. Әрине, бұл дайындық кезеңі болды. Үгіт-насихат жұмыстары 21 қазан күні басталды. Біз барлық баннерлерді ілу жұмыстарын аяқтадық. Бізбен бірге еріктілер жұмыс істейді", – деді облыстық штабтың басшысы Серік Сатмұхамедов.

Қостанай қаласының жұртышылығымен өткен кездесулерден кейін Мейрам Қажыкен облыстық штабтың жұмысымен де танысты. Қазіргі таңда қоғамдық кеңесте 4 адам бар. Үгіт-насихат жұмыстарына еріктілер де тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу