Мейрамбек Айнағұлов Олимпиадаға жолдама алды

1948

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті.

Мейрамбек Айнағұлов Олимпиадаға жолдама алды

60 келіде белдесетін Мейрамбек Айнағұлов әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда хорватиялық Иван Лизатовичті 10:0 есебімен таза жеңді. Осылайша, Айнағұлов балуандар арасынан алғаш болып Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Грек-рим күресінің ережесі бойынша, лицензиялық әлем чемпионатында 1-ден 5-орынға дейінгі аралықта орналасқан балуандарға Олимпиада жолдамасы беріледі. 

Мейрамбек Айнағұлов жартылай финалға өту арқылы Олимпиада нормативін орындады.

Жартылай финалдық белдесу бүгін кешкі сессияда өтеді. Айнағұловтың қарсыласы – ресейлік Сергей Емелин. 

60 келі салмақ дәрежесіндегі команда үздігі саналатын Мейрамбек Айнағұлов 1994 жылы 17 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу