Мейрамхана алдындағы тікұшақ сыйлық болып шықты

2250

Өткен жекесенбі күні әлеуметтік желілерде мейрамханаға тікұшақпен келген жас жұбайлардың видеосы тарап кеткен еді. 

Мейрамхана алдындағы тікұшақ сыйлық болып шықты

Әлеуметтік желілерде мейрамханаға тікұшақпен келген жас жұбайлардың видеосы тарап кеткен еді. Кейіннен аталған видеодағы мейрамхананың Шу қаласында орналасқаны белгілі болды. Аудан тұрғындарының айтуынша, той иесі ауданға белгілі кәсіпкер Кошали Гусейнов екен.

Естуімізше, Шу ауданының іргесіндегі Қонаев ауылында тұратын кәсіпкер баласының үйлену тойына арнайы тікұшақ жалдапты. Аталмыш ауылдан Шу қаласындағы "Sultan Palace" мейрамханасына дейін әуеде ұшып келген тікұшақ сол күні-ақ әлеуметтік желіге жүктеліп, халық арасында үлкен талқыға түсті.

Ал ауданның құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Кошали Гусейновтың айтуынша, ұлы Ибрагимнің үйлену тойына өзінің досы сыйға тартып, тосын сый жасаған көрінеді.

"Қазіргі заманда тікұшақпен кез келген адам ұша алады. Тек, ақысын төлесе болғаны. Оның үстіне, ғаламтор арқылы әрбір адам тікұшаққа тапсырыс беріп, қалаған жеріне баруына болады. Мен, өз басым тапсырыс беріп көрген жоқпын. Өзімнің досым ұлым мен келініме тосын сый жасап, үйлену тойларының ерекше өтуіне атсалысты. Мейрамхана алдындағы қонақтар мен сол маңайдағы адамдардың қауіпсіздігі толықтай сақталды", – дейді кәсіпкердің өзі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу