Мейрамханада заңсыз құмар ойын ұйымдастырған адам сотталды

202

Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан. 

Мейрамханада заңсыз құмар ойын ұйымдастырған адам сотталды Фото: видео скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында күдікті "Покер" құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада орын жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.

Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан.

"Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу