Америкалық боксшы Флойд Мейуэзер UFC чемпионы Конор Макгрегормен өтетін жекпе-жегі үшін қомақты қаржы табатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Бокс ережесі бойынша жекпе-жек 26 тамыз күні Лас-Вегаста өтеді.
"Бұл төрт-бес жылдық келісімшарт емес. Мен мұны 36 минут ішінде жасаймын. 300 миллион доллар, одан көп болуы да мүмкін", - дейді Мейуэзер.
Бұған дейін екі боксшы бұл айқастан 100 миллион доллар алатындығы хабарланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу