Бес салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер 26 тамызда өтетін жекпе-жекте ирландиялық файтер Конор МакГрегорды жеңетініне бес миллион доллар бәс тікпек, деп хабарлайды vesti.kz.
Мұның алдында Лас-Вегастың букмекерлік кеңселердің бірі Мейвезер жеңісіне 880 мың доллар бәсті қабылдаған болатын. ESPN.com басылымы мұның бокс тарихындағы ең ірі бәс деген пайым жасады.
Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile арнеасында болады. Жекпе-жек бокс ережелері бойынша өтеді және АҚШ-та ақылы трансляция (PPV) арқылы көрсетіледі. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, бұл жекпе-жектен ирландиялық файтер 75 миллион, ал Мейвезер - 100 миллион доллар табыс көреді.
Сонымен қатар, бұл жекпе-жекке Money Belt аталған қолтырауын терісінен тігілген және 3360 гауһар тас, 600 жақұт пен 300 зүміретпен әшекейленген.1,5 келі алтын жалатылған WBC ұйымының арнайы белбеуі тігіледі.