"Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізген": Батыс Қазақстанда түрме қызметкері сотталды

477

Ол қылмыс үстінде ұсталды. 

"Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізген": Батыс Қазақстанда түрме қызметкері сотталды Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген іс-шаралар барысында мекеменің режимдік бөлімі бастығының міндетін атқарушы делдал арқылы 15 мың теңге көлемінде кезекті пара алу кзінде және 3 ұялы телефонды алып кіргені үшін қылмыс үстінде ұсталды. Мекеме қызметкері тыйым салынған марихуана заттарын әкелгені де анықталған.

"Күдікті мекеме қызметкері кінәсін мойындады. Орал қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме қызметкеріне Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара сомасының отыз еселенген мөлшерінде, яғни 450 мың теңге айыппұл салынды", - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Осы үкіммен тағы 2 адамға қатысты түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.       Үкім заңды күшіне енді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу