Мекеменің бұрынғы директоры тәркіленуге жататын 110,2 млн теңге көлеміндегі мүлікті жасырғаны үшін сотталды

508

Тараз қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында  мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы сомасы 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады. 

Мекеменің бұрынғы директоры тәркіленуге жататын 110,2 млн теңге көлеміндегі мүлікті жасырғаны үшін сотталды Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Бұған дейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен "ASCO Pro" ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкогольдік өнімдер тәркіленген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған.

Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-тің 425-бабы (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер) бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Тараз қалалық № 2 сотының 07.03.2024 жылғы үкімімен "ASCO Pro" ЖШС-ның бұрынғы басшысы ҚК-тің 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,  4 жыл мерзімге кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сотталғаннан мемлекет пайдасына 110,2 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу