"Меккеге барып сұрап алған қызым": Айтыскер Сара Тоқтамысова қызы жайлы жазба жариялады

5082

Қызының есімі – Сүйкімді Есілқызы.

"Меккеге барып сұрап алған қызым": Айтыскер Сара Тоқтамысова қызы жайлы жазба жариялады Фото: sarkanai

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова көпшілікке алғаш рет қызын көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар ол, қызының жасқа толуына орай әлеуметтік желіде жазба жариялады.

“Машалла” деп қойыңыздар. Біреуге тілеген дұғаң, жасаған жақсылығың еселеніп өзіңе қайтатынын ұмытпаңыз. Аллаға сансыз мадақ! Алла ұлық!

Жолдасым екеуміз Меккеге барып Қағбаны айналып алақанымызды жайып Алладан тілеп алған қызымыз ғой. Бүгін қызығын жақындарымызбен бөлісіп жатырмыз.

Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар. Сол жолдарды жұбайлар қол ұстасып бір-біріне қолдау болып жүре алса ғана адаспайды. Жемісін жей алады.

Жолдасымыз екеуміздің де жолымыз түп-түзу даңғыл болған жоқ. Әр түрлі қиындықты да, сынақты да көрдік. Әлхамдулилля, береке-бірліктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз.

Бір нәрсені ескерткім келеді. “Ұл тумадым” немесе “қыз тумадым”, “төрт қыз боп кетті” немесе “бес ұл боп кетті” “Бала тумай жатырмын” деген күпіршіліктен аулақ болайық. Біз үшін ненің және қашан қайырлы болатынын Алладан артық ешкім білмейді", – деп жазды Сара Тоқтамысова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу