Мексика билігі Google-ды сотқа берді

206

Мексика Google корпорациясын АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін Google Maps қолданбасында Мексика шығанағының атауын Америка шығанағы деп өзгерткені үшін сотқа берді. Бұны ел президенті Клаудия Шейнбаум да мәлімдеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мексика билігі Google-ды сотқа берді Фото: Raquel Cunha/Reuters

Биыл билікке келген АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика шығанағын Америкаға, ал Аляскадағы Денали шыңын МакКинлиге ауыстыруға бұйрық берген еді. Бұл Солтүстік Америкадағы ең биік нүкте және бастапқыда 1901 жылы қастандықпен өлтірілген президент Уильям МакКинлидің құрметіне аталған. Бірақ 2015 жылы Барак Обама МакКинлиді Американың жергілікті тұрғындары қолданатын Денали атауына ауыстырды. Бұл Аляскада тұратын халықтың өтінішімен және екі негізгі партия өкілдерінің қолдауымен болды.

"Бізді алаңдататын жалғыз нәрсе - АҚШ үкіметінің Мексика шығанағының атауын Америка шығанағы атауына өзгерту туралы бұйрығының орындалуын қамтамасыз ету. Жарлықта тек АҚШ-тың континенттік қайраңына жататын бөлігі ғана айтылады, өйткені үкіметтің бүкіл шығанағының атын өзгертуге құқығы жоқ", дейді Мексика басшысы Шейнбаум.

Мексика президенті егер штаттың, таудың немесе көлдің атын өзгертуге қарсылық болмаса, олар өз аумақтарын қалағандай атай алатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу