Бірлестік картада Мексика шығанағын "Америка шығанағы" деп көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Аталған мәселеге қатысты Мексика Президенті Клаудия Шейнбаум: "Бұл ел егемендегіне нұқсан келтіреді", - деп мәлімдеді.
Сондықтан Google-ға қарсы сотқа шағым түсірілгенін айтты. Мексика шығанағы АҚШ-тың оңтүстігінде және Мексиканың шығысында орналасқан. Бұл атау XVI ғасырдан бері қолданылып келеді.
"Осы себепті Google бұл аумақты өз атауымен белгілеуге тиіс", - дейді Мексика басшысы.
Президент Клаудия Шейнбаум АҚШ заңгерлері есімді өзгертуге дауыс бергеннен кейін сотқа шағым түскенін айтты.