Мексика жанартауы оянды. Ел астанасы Мехико және елдімекендерді қалың шаң торлап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Попокатепетль" деп аталатын жанартау 1994 жылдан бері белсенділік танытып келеді. Радиусы 100 шақырым жерде 25 млн адам тұратындықтан, мамандар оны мұқият бақылауға мәжбүр.
Соңғы кезде оның белсенділігі күшейе түсті. Осыған байланысты бірнеше қалаларда мектептер жабылды. Мехикодағы үш әуежай бірнеше сағат жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Билік өкілдері тұрғындарға сыртқа шықпауға нұсқау берді. Жанартаудан атылған күл денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Айта кетерлігі, Мексикада 46 белсенді жанартау бар. Соның алтауы аса қауіпті саналады.