Мексика мектептерінде велопарталар орнатылып жатыр

397

Оқушылар сабақ оқып қана қоймай, спортпен де айналыса алады.  

Мексика мектептерінде велопарталар орнатылып жатыр Фото: khabar24.kz

Мұндай парталардың таңдалуы бекер емес, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жақында жүргізілген зерттеуге сәйкес, елде 5 пен 11 жас аралығындағы балалардың 19 проценті семіздікке шалдыққан. Пандемиядан кейін артық салмақ мәселесі тіпті ушығып кеткен.   

"Онлайн оқудан кейін балалар мектепке оралғанда, олардың біразы артық салмақ жинағандарын айтты. Бұл әсіресе ұлдар арасында қатты байқалып отыр. Бұдан бөлек оқушылардың сабаққа зейін қоймауы да жиілеп кетті. Сондықтан біз бір оқпен екі қоянды атып, велопарталар орнаттық. Бұл балалардың арықтауына септігін тигізеді. Сонымен қоса дене шынықтырудан кейін балалардың сабаққа ынтасы да артады", - деп мәлімдеді мектеп директоры Санхуанита Гарсиа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу