Мексика президенті көпшіліктің көзінше ыңғайсыз жағдайға тап болды

Клаудия Шейнбаумға белгісіз ер адам тұра ұмтылып, сүйіп алмақ болған. 

Мексика президенті көпшіліктің көзінше ыңғайсыз жағдайға тап болды Фото: Henry Romero, Reuters

Мексиканың мемлекет басшысына қатысты бұл жаңалықты РБК басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға президент сарайының маңындағы қоғамдық іс-шара барысында тіркелген. Ер адам Шейнбаумның иығынан құшақтап, содан соң оны сүйіп алуға ыңғайланады. Сорақысы сол, кеудесіне қол тигізуге де әрекет жасайды. Бірақ, оған күзет қызметкерлері жол бермеген. 
Клаудия Шейнбаум бұл жағдайды әуелде түсінбегенін айтты. Десе де, жағдайдың шын мәнінде қалай өрбігенін тек бейнежазба арқылы ұққан. Ер адамды бірден полиция ұстаған, оның мас күйде болғаны айтылады. 

Осыған дейін Мексиканың Уруапан қаласының мэрі Карлос Мансо қарулы шабуыл салдарынан жан тапсырған болатын. Белгісіз адамдар мереке уақытында оның кортежіне оқ жаудырған. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, мэр Мексика президентінің ұйымдасқан қылмыспен күрес саясатын ашық түрде сынаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу