Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор коронавирус дертіне шалдықты.
Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.
"Мен коронавирус жұқтырдым. Симптомдары жеңіл, дегенмен мен қазір ем қабылдап жатырмын. Ауруды еңсеретініме сенімдімін. Өйткені біз алға қарай ұмтылуымыз керек. Ішкі істер министрі мені уақытша алмастырады, күнделікті баспасөз мәслихатына қатысады", – деп жазды президент Twitter – дегі парақшасында.
Десе де ол мемлекеттік істермен президент сарайынан айналысатынын айтты.
"Ертең мен Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шаламын, өйткені олар бізге "Спутник V" вакцинасын жіберуі мүмкін", – деді Лопес Обрадор.
Мексикада коронавирус жұқтырғандар саны 1,75 миллионнан асты. Оның 1,31 миллионы жазылып, 149 мыңы дерттен қаза тапты.
Табиғат Нұрболат