Мексика шығанағында миллион галлон шикі мұнай ағып кетті

326

Қазір ағып кетудің себебі тергеу сатысында анықталып жатыр. 

Мексика шығанағында миллион галлон шикі мұнай ағып кетті Фото: pixabay.com

АҚШ жағалау күзеті Мексика шығанағындағы Луизиана жағалауынан миллион галлоннан астам шикі мұнай ағып кетуі мүмкін суасты құбырын іздеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

108 шақырым құбырды бейсенбі күні таңертең Миссисипи жағалауынан Жаңа Орлеанның оңтүстік-шығысына қарай 31 км жерде шикі мұнай табылғаннан кейін Main pass Oil Gathering Co (MPOG) компаниясы жауып тастады.

Бастапқыда инженерлер 1,1 млн галлон мұнай ағып кетуі ықтимал деп болжады.

Қазіргі таңда жағалау күзеті зардап шеккендер туралы хабарланбағанын және ағып кету себебі тергеу сатысында екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу