Мексика валютасы тағы 2%-ға құлдырады

1208

Мексика валютасы тағы 2%-ға құлдырады

Мексика валютасы песоның америкалық долларға шаққандағы бағамы тағы құлдырады, деп жазады 24Хабар.

Оған АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың ұстанған саясаты себеп болып отыр. Бұл жолы песо 2%-ға құнсызданып, 1 АҚШ доллары 21 песо 85 тиынға жетті. Жалпы көрші елдің валютасының әлсіреуі 1 қаңтардан басталған. Оған Трамптың америкалық автоконцерндерге шетелде жасаған көліктер үшін баж салығын көтеретіні жөніндегі ескертуі әсер еткен еді. Ал Ұлттық банк бағамды ұстап тұру үшін жаңа жылдың алғашқы аптасында 2 миллиард доллар жұмсаған. Мамандар Дональд Трампты ұлықтау рәсімі таяған сайын песоның валюталық нарықтағы бағамы байлаудан кетіп барады деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу