Мексика жағалауында жер сілкінісі болды

368

Зардап шеккендер жоқ. 

Мексика жағалауында жер сілкінісі болды Фото: img6.eadaily.com

Калифорния шығанағындағы Мексика жағалауында 6,2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап (EMSC).

Жер сілкінісі 675 мың тұрғыны бар Мексиканың Кулиакан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 192 шақырым жерде UTC уақыты бойынша 20.30-да (Астана уақытымен 02.30-да) тіркелді. Ошақ он шақырым тереңдікте жатты.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу