Мексикада 600-ге жуық мигрант тұтқындалды

806

Мексикада 600-ге жуық мигрант тұтқындалды

Мексиканың Чьяпас штатында мигранттар керуенінен 600-ге жуық адам тұтқындалды, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті полиция өкілдерінің айтуынша, олар Мексика аумағында қалу үшін арнай құжат рәсімдеуден бас тартқан. Қазір босқындардың көбі шекара маңындағы Тихуана қаласында орналасты. Олардың келуіне қарсылығын білдіріп жатқан мыңдаған тұрғынның ереуілі әлі де басылар емес.

Наразы халық жергілікті биліктің кірмелерді азық-түлікпен қамтамасыз ететін жағдайы жоқ екенін айтады. Сонымен қатар АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі керуеннің ішіне өз агенттерін жібергені белгілі болды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мигранттардың ватсап арқылы өзара байланысы да АҚШ тарапымен қатаң тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу