Мексикада азалы күндер жарияланды

1084

Мексикада азалы күндер жарияланды

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето жер сілкінісі құрбандарын еске алу үшін 3 күндік аза тұту жариялады, деп хабарлайды khabar.kz.

Ресми дерекке сәйкес, Латын Америкасының бұл елінде таяуда болған табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 230 адамға жетті. Қазіргі уақытта мексикалық жедел әрекет ету қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы кезге дейін бір ғана Мехико қаласында үйінділер астынан 50-ден астам адам сыртқа аман-есен шығарылды. Бірақ ел бойынша 30-ға жуық бала із-түзсіз жоғалған. 

Жалпы құтқарушы жасақтар жұмыс істеп жатқан жерлерде жұрттан тыныштық сақтауды сұрап отыр. Себебі қираған ғимараттардың астында тірі жатқан адамдардың көмектесуге шақырған дауыстары естілмей қалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу