Мексикада бандалар қарулы қақтығысынан 10 адам қаза тапты

520

Веракрустағы қылмыстық топтар ықпалын арттыру жолында қанды күрес жүргізіп жатыр 

Мексикада бандалар қарулы қақтығысынан 10 адам қаза тапты Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Мексиканың оңтүстік-шығысындағы Веракрус штатында бандалар арасындағы атыста он адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Мексикалық БАҚ хабарлағандай, қарсылас бандалар арасындағы қарулы қақтығыстар Тиуатлан мен Аконтитла қалаларында болған. Бұл аймақтарға қауіпсіздік күштері көшірілді.

Қақтығыс ұйымдасқан қылмыстық топтар арасындағы алауыздықтан туындады, деп хабарлайды билік.

Веракрус - Мексикада ең қауіпті, зорлық-зомбылық жиі болатын штаттардың бірі. Штаттағы қылмыстық топтар ықпалын арттыру жолында қанды күрес жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу