Мексиканың солтүстігіндегі Дуранго штатында екі жеке жеңіл моторлы жолаушылар ұшағы соқтығысып, кем дегенде бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін таңертең болды, деп хабарлайды жергілікті билік.
Ресми деректерге сәйкес, соқтығысқаннан кейін ұшақтар өртеніп, адам өліміне әкелді.
Екі ұшақ та Cessna маркасының әуе кемелері. Апатқа байланысты тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу