Мексикада майя өркениетінің сарайы табылды

1276

Зерттеушілердің айтуынша, майя өркениетіне тиесілі бұл сарай шамамен 600 және 900 жылдары аралығында салынған. 

Мексикада майя өркениетінің сарайы табылды

Археологтар ғимаратты Канкуннан 160 шақырым қашықтықта орналасқан қалада тапқан. 
Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Сарайдың ұзындығы – 55 метр, ені – 15 метр, ал биіктігі – 6 метр. Оның небәрі алты бөлмесі бар: екеуі – жатын бөлме, екеуі – алтар залы, біреуі – холл, тағы бірі – пеші бар бөлме. 

Ғалымдар сонымен қатар ежелгі адамдардың сүйектерін де тапқан. Енді олар талдау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Зерттеушілердің айтуынша, майя өркениетіне тиесілі бұл сарай шамамен 600 және 900 жылдары аралығында салынған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу