Мексикада мектеп директоры 208 жылға сотталды

828

Оған 26 адамды абайсызда өлтірді деген айып тағылған еді. 

Мексикада мектеп директоры 208 жылға сотталды

2017 жылы Мехикода жер сілкінісі салдарынан құлап қалған жеке бастауыш мектептің директоры Хуан Марио Веларда Гамес 208 жылға сотталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Мексика прокуратурасының сайтындағы мәлімдемеге сілтеме жасап. Ол 26 адамды абайсызда өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды. 

"Тергеу мен сот қызметкерлері ұсынған дәлелдердің қорытындысы бойынша қылмыстық соттың судьясы 26 адамды өлтірді деп айыпталған адамды  208 жылға түрмеге қамау туралы шешім қабылдады", – деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар Гамес жәбірленушілердің әрқайсысына моральдық залал келтіргені үшін 18,9 мың доллар төлеуі керек.

Ол ғимаратты тиісті тексерістен өткізбей, құрылыс барысында кеткен қателіктерге назар аудармаған. Жер сілкінісі салдарынан ғимарат 2017 жылдың 19 қыркүйегінде құлады. Үйінділер астында қалған 19 бала мен жеті ересек адам апаттан қаза тапты.

Мектептің иесі Моника Гарсия Вилегас 31 жылға сотталды. Ол да қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы төлеуге міндеттелді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу