Мексиканың Идальго штатындағы мұнай құбырының бірінде жарылыс болып, соңы алапат өртке ұласты, деп хабарлайды 24.kz.
Салдарынан 20 адам қаза тапты. Тағы 71 тұрғын жарақат алды.
Қайғылы оқиғаға құбырдың тесілуі себеп болған. Кей дерекке қарағанда, адамдар сол аумақтан шикізат ұрлаған. Бірақ жарылыс нақты қалай болғаны әзірге белгісіз. Қазір жапа шеккендерге түрлі көмек көрсетіліп, жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.
Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу